Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (12 ақпан-16 ақпан).
Қазақстандық валюта үшін сыртқы факторлар басты триггер болады. Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар осындай пікірді ұстанып отыр. Олар негізінен энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай және АҚШ долларының төмендеуі сияқты дәстүрлі факторларға басымдық берді. «ФИНАМ», Gerchik&Co, «Астана-Инвест», «Инвестициялық үй» АҚ,«АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан», Wall Street Invest Partners және IFC Markets компанияларының сарапшылары теңге бағамына өткен аптада біршама төмендеген мұнай бағасы әсер етіп отырғанын айтты. Бұл ретте аталған компания сарапшылары қара алтын бағасының төмендеуіне АҚШ статистиикасы басты себеп болды деп есептейді. Дегенмен сарапшылардың мұнай бағасы алдағы аптада қандай болатыны жайлы ортақ пікірі жоқ болып шықты. Мысалы Gerchik&Co және «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан» компаниясының сарапшылары алдағы аптада мұнай бағасы төмендеуі мүмкін десе, «Астана-Инвест» компаниясының сарапшылары, керісінше баға шамалы болса да өседі деп отыр.
Содай-ақ сарапшылар АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға қатысты бағамы нығайғанын да атап кетті. Мұны Gerchik&Co, «Телетрейд Групп», Wall Street Invest Partners және IFC Markets сарапшылары сөз етті. Олар долларға деген сұранысты арттыруға себеп болған факторлардың ішінде 10 жылдық қазынашылық облигациялардың өсуі («ФИНАМ», «Телетрейд Групп»), АҚШ экономикасының ауылшаруашылық секторынан тысқары жұмыспен қамтудың оң статистикасы (Gerchik&Co) және негізгі америкалық индекстердің («ФИНАМ», Gerchik&Co, «Телетрейд Групп») айтарлықтай төмендеуі бар деп отыр.
Сарапшылардың ойынша, тап осы факторлар ресейлік рубльдің бағамына да әсер етеді. Ал басқа оқиғаларға келер болсақ, сарапшылар АҚШ тарапынан болады деп күтілген санкцияға (Wall Street Invest Partners), сонымен қатар РФ Орталық банкінің базалық пайыздық мөлшерлемені 25 базистік көрсеткішке дейін төмендетуін («АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан», IFC Markets) еске алды.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясы сараптамалық департамент директорының орынбасары:
Қазақстанда проблемалық банк RBK төңірегіндегі тұрақсыздық әлі де жалғасуда. Банктің басқаруы толығымен өзгерген, мемлекет бұған дейін де проблемалық банкке 240 млрд теңге көлемінде қаржылық көмек көрсеткен болатын. Алайда нарық бұл өзгертулер Қазақстандық банк жүйесінің көптеген қиындықтан құтылғанын көрсете ме, жоқ па, соны түсіне аламай отыр.
Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 322-324 теңгеге дейін жетеді деп ойлаймыз, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,75-5,8 теңгеге дейін жетеді.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Бейсенбі күнгі саудада америкалық биржа индекстері құлдырап кетті, өндірістік Dow Jones индексі 4,15%-ды жоғалтып, сауданы 23860,46 көрсеткіш белгісінде жапты.
10 жылдық қазынашылық облигациялардың соңғы төрт жылда бірінші рет 2,87%-ға жетуі салдарынан қор алаңдарында тағы да қобалжу пайда болды.
АҚШ-тағы 30 жылдық ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі 10 базистік көрсеткішке өсіп, жылдық 4,32%-ға дейін жетті деген Freddie Mac мемлекеттік ипотекалық корпорациясының мәлімдемесі жағымсыз жаңалықтардың қатарын толықтыра түсті.
Осыдан бір ай бұрын ойыншылар Федаральдық резервтік жүйе пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін екеніне мән бермеген болатын, ал енді дүйсенбі күнгі төмендеуден кейін биржалық индекстерді жаңа сауда үшін қолданып отыр.
Алдағы сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеуін жалғастырып, сауданы 64,2 доллар бағасында жауып, 1,7% жоғалтқанын көрсетті.
Алыпсатарлар ОПЕК-тің ауызша интервенциясы жоқтығынан, АҚШ-тың мұнай өндіру бойынша шыққан статистикасына мән берді. Жұма күні Baker Hughes мұнай-газ сервистік компаниясының статистикасы шықты. Оның қорытындысы бойынша нарық дүйсенбі күні болатын саудадағы мұнай бағасын белгілейді.
Бұл жағдайда Brent жергілікті қолдаумен 63,90 және 63,10 доллар шамасында болады.
Келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы өзгермейді, рубль 5,6-5,8 теңге, доллар 323-325 теңге, еуро 398-402 теңге болады деп отырмыз.
Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:
Осы аптада екі айтарлықтай жағдай болды. Оның бірі АҚШ экономикасының ауылшаруашылық секторынан тысқары жұмыспен қамтудың оң статистикасы және АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейін 4,1% доллар шамасында сақтап қалуы аясында доллардың негізгі әлемдік валюталарға қатысты бағамының нығаюы.
Екіншісі – америкалық индекстердің едәуір төмендеуі. Өндірістік Dow Jones индексі 8%-ға, S&P500 индексі 9%-ға төмендеді.
Егер төмендеу жалғасатын болса, онда АҚШ доллары инвесторлар үшін пайдалы болады.
Осылайша алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы түседі дей беруге болады және бір доллар 324-330 теңге шамасын құрайды.
Ресейлік рубльдің мұнай бағасына тәуелді болуы, ол үшін қысым болады. Сондай-ақ рубльге доллар тарапынан қысымның болуы теңгенің рубльге қатысты бағамын нығайтып, бір рубль 5,52-5,65 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Мұнай бағасының төмендеуі салдарынан ресейлік рубль апта бойы құлдырап келді. Алдағы аптада мұнай бағасы төмендеуін тоқтатып, шамалы өсуі мүмкін, бұл рубль мен теңгеге қолдау болады.
Қазақстандық теңге өткен аптада әлсіреді. Теңгенің әлсіреуіне де «қара алтын» бағасының түсуі себеп болды.
Ал мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ энергетика министрлігінің мәліметтері негіз болды. Америкалық мұнай институтының және Baker Hughes мұнай-газ сервистік компаниясының мұнай қоры бойынша статистикалық мәліметтері шығады деп жоспарланып отыр. Бұл мұнай бағасына сөзсіз әсер етеді.
Биткоинның төмендеуі жалғасты. Биткоин 50 мың долларға дейін өседі деген сарапшылар енді мұндай болжам жасамайтын шығар.
Биткоин «дәуірі» аяқталып келе жатқанға ұқсайды. Өйткені нарықта криптовалютаның басқа да көптеген түрлері пайда болуда.
Баға қазіргі деңгей шамасында болады. Алдағы аптаға ұсынып отырған болжамымыз: бір доллар 57,5-59 рубль, бір доллар 325-330 теңге, бір рубль 5,75 теңге, Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 64-67 доллар, биткоин 6500-11500 доллар.
Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптау тобының жетекшісі:
Теңгенің апталық бағамын анықтау үшін тағы да мұнай нарығы мен ресейлік рубльге мән беруге тура келеді.
Мұнай ақпан айының басынан бері шамамен 10% құнын жоғалтты, бұған АҚШ-тағы мұнай қоры мен мұнай өндірудің өсуі себеп болды. Америкадағы «қара алтынды» өндіру көлемі тәулігіне 9,85 млн баррель рекордтық шамаға жетті. Ал мұнай құбырларының саны соңғы екі аптада 18 болды. Осының нәтижесінде мұнайдың бағасы бір баррель үшін 64 доллар болып отыр. Бұл қазақстандық теңгеге әсер етіп, аптаның соңында теңге бағамы бір доллар үшін 327 теңге болды.
Мұнай бағасы да өз шегіне жетіп келеді. Тіпті егер мұнай бағасы одан әрі төмендейтін болса да, онда ол соншалықты үлкен болмайды, яғни бір баррель үшін 63,30-63,50 доллар шамасында болады.
Ал ресейлік рубль жайын сөз етер болсақ, онда оның АҚШ долларына қатысты төмендеуі бір америкалық доллар үшін 58,30-58,50 рубль деңгейінде шектелуі мүмкін.
Жұма, 9 ақпан күні, РОБ кезекті отырыста базистік пайыздық мөлшерлемені 25 базистік көрсеткішке дейін төмендетуге шешім қабылдады. Бірақ бұл рубльге әсер етпейді. Өйткені пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі - болады деп күтілген жағдай, ал Ресейдегі инфляция рекордтық төменгі деңгейде қалып отыр. Соңғы көрсеткіштер инфляциялық шиеленіс жылдық есептеуде 2,2% екенін көрсетті.
Әлемдік қор нарығындағы жағдай рубль бағамын қалыптастыратын фактор болып қала бермек.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мұнайдың бір баррелі 63,70-65,00 доллар шамасында, ал USD/RUB жұбы бір доллар үшін 56,80-58,30 рубль шамасында саудаланады деуге болады.
Осыған қарап, RUB/KZT жұбы 5,6-5,75 теңге, ал USD/KZT жұбы бір доллар үшін 324-329 теңге шамасында саудаланады деп болжанып отыр.
Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:
Әлемдік нарықтағы турбаленттіктің күшеюі, әсіресе АҚШ-тағы, emerging markets валюталарына жағымсыз есер етеді. Инвесторлардың қобалжуы қауіпті күшейтеді, ал тәуекелден кету сұранысты білдіреді. Оның ішінде ең бірінші америкалық долларға деген сұранысты білдіреді. АҚШ-тың проблемалары қазынашылық облигациялар табысының өсуімен байланысты. АҚШ қазынашылық облигацияларының табыстылығының қазіргі деңгейінде инвесторлар өздерінің акциядағы позицияларын қысқартуға мәжбүр. Қор индекстерінің төмендеуі әртүрлі қорларға қиындық тудыруы мүмкін.
Алайда қазір проблеманың шамасын бағалау мүмкін емес, біреулер мұны 250 млрд доллар шамасында десе, біреулер 500 млрд доллар деп бағалайды. Мұндай жағдайда қазақстандық теңгенің төмендейтіні сөзсіз. Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 330 теңге, еуро үшін 405 теңге болады деп болжадық. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам қазіргі шамамен 5,7-5,8 теңгені сақтап қалады.
Ілияс Басшығұл, Wall Street Invest Partners жетекші сарапшысы:
Теңге өз позициясын жоғалта бастайды. Өткен аптада ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы біршама әлсіреді.
USD индексі өткен жыл бойғы төмендеуді тоқтатуға шешім қабылдады. АҚШ-тың экономикалық жағдайы баяу нығайып келеді. Осы жылы ФРЖ үш рет пайыздық мөлшерлемені өзгеретеді. 2019 жылы пайыздық мөлшерлеме 2 есе көтерілуі мүмкін. Қор нарығының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, бейсенбі күні Нью-Йорк Федералды резервтік банк президенті Уильям Дадли қор нарығының қазіргі жоғалтуы түкке тұрмайды деп, бұл құбылмалық ФРЖ болжамын өзгертпегенін айтты. Оның сөзінше, қаржылық дағдарыс жағдайында енгізілген төменгі пайыздық мөлшерлеме өсіп, инвесторлар өз активтерін қайта бағалаған. Өткен аптада мұнай нарығы төмендеді. Бағаның едәуір өсуінен кейін мұнайдың бір бөшкесі 60-64 долларға дейін жетеді деп болжанып отыр. Бұл баға сатушылардың да, сатып алушылардың да көңілінен шығады. АҚШ-тағы мұнай қоры мен мұнайды өндіру артып келеді. Қыстың аяқталып келе жатқаны да импорттаушылардың сатып алу көлемін азайтуға әкеледі. Бейсенбі күні Иран мұнай министрінің орынбасары Иранның мұнай өндіруді арттыру жоспары бар екенін айтты. Бұл инвесторлардың шикізаттың жаһандық ұсынысының күрт өсуі мүмкін деген қаупін арттырды. Иран мұнай министрінің орынбасары алдағы төрт жылда Иран мұнай өндіруді тәулігіне 4,7 млн баррельге дейін жеткізуді көздеп отырғанын айтты.
АҚШ-тағы апталық өндіру көлемі өзінің тарихи шегіне жетіп тәулігіне 10,25 млн баррель болды. Энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA) өзінің ақпан айындағы шолуында АҚШ-тың мұнай өндіруінің орташа жылдық өсуін арттырды. Ведомство 2018 жылы өндіру тәуілігіне 10,59 млн баррельге дейін жетеді деп отыр. Бұл ретте 2018 жылдың IV тоқсанына қарай өндірудің орташа тәулік көлемі 11,04 млн баррель болады. Бұған дейін мұндай деңгейге қол жеткізу тек 2019 жылдың IV тоқсанында ғана болады деп жоспарланған еді.
Осы аталған факторлардың бәрі теңгеге қысым болады да, оның АҚШ долларына шаққандағы бағамын 324-331 теңге шамасына дейін төмендетеді. Осылайша сыртқы факторлар ұлттық валютаға әсер етуін жалғастырады.
Теңгеге әсер еткен сыртқы факторлар ресейлік рубльге де әсер етуі мүмкін, бірақ оның әсері айтарлықтай болады. Ресейлік бизнес АҚШ тарапынан болады деп болжанып отырған санкцияға алаңдап отыр. Ресейлік «Лукойл» компаниясының басшысы Вагит Алекперов бұл жаһандық нарықта жұмыс істейтін ресейлік компаниялар үшін қауіп төндіреді деп есептейді. Санкцияның күшею қаупі ресейлік бизнестің қобалжуына әкеледі де, бұл ресейлік валютаға әсер етуі мүмкін. Рубльдің теңгеге қатысты бағамы 5,55-5,7 теңге деңгейінде болады деп ойлаймыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:
Мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі және АҚШ долларының барлық әлемдік валюталарға қатысты бағамының нығаюы салдарынан теңге біршама төмендеді. Вrent маркалы мұнай бағасы 7%-ға түсіп, доллар индексінің өсуін 1,5%-ға арттырды. Осының нәтижесінде қазақстандық валюта 1,7%-ға төмендеді. Менің ойымша, Қазақстанның 2018 жылғы негізгі экономикалық саясатына бағытталған, оның ішінде бюджет тапшылығын 2017 жылғы ЖІӨ-нің 2,9%-нан 1,1%-ға дейін төмендету жоспары сыртқы жағымсыз жағдайды шамалы болса да жақсартуға себеп болады. Теңгенің рубльге қатысты бағамының нығайғанын атап кету керек. Бұл Қазақстан экономикасының өсу қарқыны Ресейді басып озуымен, сондай-ақ Ресей ОБ-ның негізгі мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. Мұнай бағасының төмендеуі жұма күні күні байқалды. Мұндай тенденция Қазақстанның валюта нарығына қысым жасайды деп ойламын. Алдағы аптадағы бағамның құбылмалығы жайлы айтар болсақ, рубль 5,52-5,7 теңге, доллар 324-332 теңге болуы мүмкін.